Қазгидромет: Циклон туралы ақпарат жалған

Сағатына 100 км жылдамдықпен жел ұйытқиды. Осылай деп бейнежазба жариялаған әлеуметтік желі қолданушысы жұртты дүрліктірді.

Ол аптаның аяғында Қазақстанның біршама аймағында жел күшейіп, циклон жүретіндігін айтқан. Ал Қазгидромет мамандары мұны жоққа шығарды. Олар: «елде жел анау айтқандай аса қатты көтерілмейді», - дейді. Дегенмен Скандинавия аудандарынан соғатын желдің екпіні ел аумағында сезіледі.

Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК инженері:

- Бұл бейненің бірқатар дәлсіздіктері бар екенін хабарлайды. Бұл роликте айтып отырған циклон Қазақстанның аумағында пайда болмайды. Бірақ біздің республикамызға Скандинавия аудандарынан келді және 7 ақпаннан бастап ел аумағының көп бөлігін қамтитын болады. Желдің күшіне келетін болсақ, бұл бейнеде 100 км/сағ, егер де м/с ауыстырсақ, бұл 27-28 м/с көрсеткіштерін көрсетеді.