Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

Бұрқасын соғып, жел күшейеді. Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Астана мен Батыс Қазақстанда тұман түсіп, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Түркістан облысында екпінді жел соғып, жауын жауады. Өскемен мен Риддерде жайсыз метеорологиялық жағдай ықтималдылығына байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.