Ораза басталды. Бас мүфти үндеу жасады

Бүгін исі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды.

Жамағат бір ай бойы ауыз бекітіп, ораза тұтады.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 11 наурыз алғашқы күні болса, 9 сәуір соңғы күні. 10 сәуірде ораза айт мерекесі басталады. Қадір түні сәуірдің 5-інен 6-сына ауған түнге келіп тұр. Пітір мөлшері 640 теңге деп белгіленген.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

- ҚМДБ биылғы жылды дін саласы аясында "Ислам және дәстүр құндылығы жылы" деп жарияладық. Алла қаласа, биылғы оразамызда халықпен бірге ауызашарда, жұма намаздарында, тарауық намаздарында уағыз-насихаттарымызды, бұйырса, осы бағытты насихаттаумен өткізу ниетіміз бар.  

Кәсіпкерлер бас мүфтидің үндеуін қолдайды

Бас мүфти сондай-ақ тақауда кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасаған еді. Қасиетті айда «Рамазан қоржыны», «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі» «Жомарт жұма» сынды қайырымдылық іс-шараларына үлес қосып, азық-түлік бағасын өсірмеуді сұраған. Қазір келелі іске үн қосып жатқандар көп.

Маржан Өтеген, наубайхана иесі:

- Әр жыл сайын Рамазан айын күтіп отырамыз. Әрине басқаша ерекше сеть ұйымдастырамыз. Әрине қолжетімді бағамен. Бағаны өсіруге емес, керісінше, маркетинг жақтан, ассортимент жақтан көбейтуге кеңес беремін.