Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, күн құбылмалы болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. «Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 8 градусқа жылиды. Павлодар мен Қарағанды, Ақмола облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.