30 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілді

Су тасқыны болған аймақтарда төрт түлік қауіпсіз жайылымдарға көшіріліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда 30 мың бас мал қауіпсіз жерге айдалған. Ал мал басына азық жетіспеген жағдайда «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» төлемдерді кейінге қалдыру шартымен малға азық жеткізуді ұйымдастырады. Ол үшін фермерлер облыстық штабқа хабарласып, өтінім беруі керек. Сондай-ақ министрлік тарапынан су тасқыны кезінде өлген мал саны есептеліп, шығын көлемі нақтыланып жатыр. Төтенше жағдай кезінде мал өлген жағдайда өтемақы жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ басқа да қаржы көздерінен төленетін болады.