Қазақстанда көмір өңдеу қолға алынбақ

«Қазхимпром» шикізаттан дайын өнім алатын 15 зауыт салып, арнайы кластер дайындау бойынша жоба ұсынған.

Үкімет бастаманы қолдады. Қазір халықаралық және отандық инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Қаржы мәселесі шешілсе жобалық-сметалық құжат дайындалып, нақты жоспар жасалады. Әзірге Қостанай, Павлодар, Алматы, Теміртау қалаларында өндіріс орындары ашылатыны белгілі.

Азамат Панбаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің комитет төрағасы:

- Ең ірі жобалар. Олардың инвестиция көлемі – 100-200 млн доллардан жоғары жобалар. Ол жобалар негізгі бағыты жоғары қосылған құн өнімін өндіретін жобалар. Яғни экономикамызға үлкен макроэкономикалық эффект алып келетін жобалар. Нақты тізімі Үкіметке енгізілген.