Ақтөбе облысындағы Әйке ауылында құтқару жұмыстары жүргізілді

Эвакуациялау ісіне қызылордалық құтқарушылар жұмылдырылды.

Олар 188 адамның өмірін сақтап қалды. Оның 44-і бала. Ағынды судан жапа шеккен әйкелік ағайын көршілес Жүргенов және Тереңсай ауылдарында қауіпсіз орындарға орналастырылды. Сондай-ақ, апат аймағында 4 мың текше метр су сорылды. Қазір өңірдегі ақуал бақылауда.