Құлсары халқы: Күшіміз – бірлікте!

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Құлсары қаласы маңындағы 3-ауылдағы тұрғындарының бірлігі көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Аймақты су басып, ел еңсесі түскенде, ерлер жағы қолдарына бар саймандарын алып, қолдан бөгет жасаған.

Видеода көріп тұрғандарыңыздай, азаматтар қарғын судың қарқыны құм құрсауын бұзып өтпесін деп, қолда бар құрылыс материалдарымен бөгенді берік қылуды көздеген. Күн-түн демей туған ауылдарын барынша аман алып қалудың жолын іздеген халық бірлігі желі қолданушыларын бір марқайтып тастады.