Жайық өзенінің деңгейі көтерілді

Әлеуметтік желіде Орал қаласының маңындағы бөгет жарылғаны туралы ақпарат жалған боп шықты.

Жергілікті мамандар осылай деп мәлімдеді. Бірақ Жайық өзенінің деңгейі көтерілуінен Желаев ауылдық округіне қауіп төніп тұрғаны рас. Қазір кеніштер мен демалыс орнына су кірген. Ауылда екі жарым мың адам тұрады. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, кәсіпорын ұжымдары мен тұрғындар тасқынға тосқын шараларына жұмылды. Олар жағалауды құм толтырылған қапшықтармен бөгеп жатыр.

Арман Бисимбалиев, Желаев ауылдық округінің әкімі:

- Қала басшыларымен барып, сол жерді қарадық. Ол жерде дамба жоқ. Сол жерде бұрыннан теректер өсіп, шұңқыр бар. Сол жерден су ағып жатыр, ол дамба емес. Бұдан су келіп жатыр бізге қарай. Су Жайықтан. Біздерде 2,5 мың қапшық бар, соны төсеп жатырмыз.