С. Нүкенованың көмекшісі оның денесінен қорлық белгілерін көргенін мәлімдеді

Көгеру, тұншықтыру және арқан іздері. Марқұм Салтанат Нүкенованың көмекшісі оның денесінен қорлық белгілерін көргенін мәлімдеді.

Бүгін Сот отырысында куәлік еткен Анар Тасова 3 жыл бойы Салтанаттың жанында көмекші болып жұмыс істеген. Кейінгі кездері әріптесінің көңілі жабырқау екенін байқаған. Тіпті Салтанат Қуандық Бишімбаевты тиран деп айыптап, қарым-қатынасын үзуге оқталғанын айтты.