Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп келеді

Атырау облысында Жайықтың суы, күн санап көтеріліп келеді.

Қазір өзен арнасы аймақтағы кіші өзендер мен, сай-саладағы еріген қар суымен толығып жатыр.  Өткен тәулікте су деңгейі Индербор кентінің бекетінде 9 см, Махамбет ауданында 16 см және Атырау қаласында 12 см-ге дейін көтерілген. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мәлімдеді.