Қазақстандықтар қырғыз елінің мемлекеттік наградасына ие болды

Қазақстандықтар Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградасына ие болды.

Жоғары дәрежелі «Данакер», «Достук», «Даңк» ордендері мен медальдар бауырлас елмен қатынастың дамуына үлес қосқан 24 азаматқа табысталды. Салтанатты шара Қырғыз Республикасының президендті Садыр Жапаровтың елімізге ресми сапары аясында ұйымдастырылған. Сондай-ақ, жиында қоғам және мәдениет қайраткерлері мен мемлекеттік қызметкерлерге құрмет грамоталары мен түрлі атақтар берілді. Оның ішінде «Қырғыз Республикасының халық әртісі» атанғандар да бар.

Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек ері:

- 1996 жылы мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі деген  құрметті атаққа ие болғам. Содан бері міне 28 жыл уақыт мынадай жоғары, ең жоғарғы құрметті атаққа ие болдым. Мен үшін бұл үлкен бақыт, біріншіден. Екіншіден, үлкен емтиххан. Себебі мен әрдайым қырғыз еліне гастрольдік сапармен барған сайын емтихан тапсырғандай болып концерт беретінмін.