Ескерткіштер ерекше қорғауға алынады

Халықаралық Түркі академиясының қаржыландыруымен көне Жанкент қалашығына археологиялық қазба жүргізіледі.

Сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты аясында Қурайлы асар шаһарының тарихы зерттеледі. Одан бөлек Сыр өңіріндегі мемлекет қарауына алынған 567 тарихи нысанның айналасы абаттандырылады. Қазірдің өзінде 200-дей ескерткіштің маңайын тазартып, жасыл белдеу қалыптастыру жобасы іске асып жатыр. Сондай-ақ Сырлытам, Асан ата, Оқшы ата, Қожан қожа кесенелері мен Ғанибай мешітін реставрациялауды жоспарлап отыр. Мәдени мұралар санағы қайта жүргізіліп, археологиялық нысандар тізімі жаңартылады.        

Ерғазы Алданазаров, облыстық «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» КММ директоры:

- Былтырғы жылы 106 ескерткішке сараптама жұмыстары жасалды. Биылғы жылы 77 ескерткішке облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тағы да сараптама жасалады. Анықталғаннан кейін мәртебе беру жергілікті болады ма? Әлде республикалық па? Маңыздылығына қарай мәртебе берілетін болады.