Қарағанды облысында өрттен қауіптенген әйел терезеден секіріп кетті

24 қаңтарда сағат 06:57-де Абай ауданы Дубовка ауылындағы пәтерден түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндіру бөлімдері келген уақытта пәтер ашық күйде жанып жатқан.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 3-қабаттың терезесіне үш иінді баспалдақ орнатып, улы газдан зардап шеккен адамды құтқарды.

Өрттің жалпы ауданы 75 шаршы метрде үш пәтердегі тұрмыстық заттар, жиһаздар, ағаш еден құрылымдары жанған.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әйел 3-қабаттан секіріп, омыртқасынан жарақат алған.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамнан 16 адам және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрттің шығуына ашық от көзі себеп болған.