Алматыда автобус мен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты

Алматыда автобус жеңіл көлікке соғылып,одан әрі тоқтай алмай бірнеше адамды қаққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаяу жүргінші жолына шығып кеткен техника одан әрі автотұраққа дейін барып, тағы бір жеңіл көлікті соққан. Екпінін тежей алмаған автобус тек жабық тұрақтың маңдайшасына тіреліп барып бірақ тоқтаған. Бұл – №123 бағыттағы қалалық қоғамдық көлік. Оқиға Сейфуллин көшесінің бойында МЕГА паркке қарама-қарсы аумақта болған. Зардап шеккендердің бар-жоғы туралы әзірге ақпар жоқ.