Қырғызстан азаматы әскери соғыс машинасының бөлшегін Қазақстан арқылы алып өтпек болды

Жамбыл облысының «Қарасу» автокөлік өткізу бекетінде контрабанданың жолы кесілді. Бұл жолы Қырғызстан азаматы ұсталды.

Ол жеңіл автокөлігімен жаяу әскердің ұрыс машинасына арналған қосалқы бөлшектерді Қазақстан шекарасы арқылы алып өтпек болған. Құжат бойынша контрабандалық өнімді «Т-150 РЖ» тракторына тиесілі деп көрсеткен. Сондай-ақ осы өткізу бекетінде 48 млн теңгенің медициналық препараты тәркіленді. 50-ге тарта қорап Қырғызстанға заңсыз жөнелтілмек болыпты. Тәркіленген заттар Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жеткізілді.