Елбасы Алматыдағы әскери ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
- 126
- UPD: 20:15, 13.03.2021

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АН-26 әскери ұшағы апатынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
«Мен Алматы әуежайы маңындағы ұшақ апаты туралы хабарды қатты қайғырып қабылдадым. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін», - делінген Елбасы жеделхатында.