Ақтөбеде мотоцикл аударылып, 43 жастағы тұрғын көз жұмды

Байғанин ауданының Ноғайты ауылында «Урал» мотоциклі аударылып, 43 жастағы тұрғын көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

43 жастағы тұрғын «Урал» мотоциклімен мал іздеуге шыққан. Ол рөлге ие бола алмай, оң жағына аударылған.

«Көптеген ауыр дене жарақатымен ер адам Байғанин ауданының орталық ауруханасына жеткізілгенімен, көз жұмды. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.