Қарағандыда әкімдік терезесінен адам құлап, мерт болды

Қарағанды қаласы әкімдігінің терезесінен 37 жастағы қызметкер құлап мерт болды.

Жазатайым оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Анығы азамат 4-қабаттың терезесінен құлаған. Марқұм шаруашылық бөлімінің жұмысшысы болып еңбек еткен.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- Азаматтың терезеден құлау фактісі сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалды шешім қабылданатын болады.