БҚО-да жол апатынан төрт адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Чапаев – Жаңақала жолының 115-ші шақырымында болды. Полицияның мәлімдеуінше, «Лада Гранта» жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «ВАЗ 2107» жеңіл көлігіне соқтығысқан. Алған жарақаты салдарынан «Лада Грантаның» 34 жастағы жүргізушісі және тағы 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Арасында 7 жасар бала да бар. Әртүрлі дене жарақатын алған тағы 8 адам Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың да жағдайы ауыр. Жыл басынан бері өңірде 117 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 47 адам қаза тапты.

Жанболат Жаншин, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу істері жүргізілде. Себептері ең бірінші жүргізушілердің тәртіпсіздігі деп ойлаймын. Сосын екінші бұл облысымыздағы тұрғынардың көбі РФ автокөлігін алады, көпшілігінің ақаулары көп, арзан ақшаға алынады да жағдайына байланысты, бірақ ол автокөліктердің ақаулары көп. Батыс Қазақстан облысында жол көлік оқиғалары, соның ішінде қаза болу мен жарақат алу өсіп отыр, былтырға қарғанда.