Павлодардағы кәсіпорында жұмыскерді тоқ соқты

Павлодардағы кәсіпорында жұмыскерді тоқ соқты

Павлодар кәсіпорнында жұмыскерді тоқ соқты.

Ер адамды күйік шалған және жарақат алған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға қалалық ЖШС-нің бірінде болған. 32 жастағы дәнекерлеуші кәсіпорын аумағында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде зардап шеккен. Ер адам ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы жұмысшы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. 

«Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және электрошок диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты. ПТР-тест нәтижесінен кейін бейінді бөлімшеге ауыстырады», - деді басқармада.

Полиция департаменті тексеруді бастады.