Қызылорда облысында браконьерлер табиғат инспекторларына оқ атты

Қызылорда облысында екі адам табиғат қорғау инспекторларына оқ атқан, деп хабарлайды Хабар 24.

Әлеуметтік желі беттерінде бұған байланысты бейнежазбалар жарияланған болатын. Олардың бірінде сол аумақта мал бағатынын айтқан азамат бар кінәні өз мойнына алатынын айтса, екіншісінде табиғат қорғау инпекторларына оқ атқан екі адам жайында айтылады.

«Аталған оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегіше мәліметтерді айтып берді. Оқиғаға кінәлі екі азамат анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Олардың іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Атап айтқанда, кінәлі екі азамат алдымен 337-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен, 380-2 бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапқа тартылады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінще, қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді.