Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Астана даңғылында болған. «Мерседестің» жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ал жол талғамайтын «Лексус 470» көлігінің тізгінінде болған азамат ауруханада жатыр. Құтқарушылар автокөлікті кесіп, қысылып қалған адамдардың денесін алып шыққан. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.