Степногорск қаласында дүкен тонамақ болған адам ұсталды

Степногорск қаласында азық-түлік дүкенін тонамақ болған ер адам ұсталды. Күдікті сатушыны газ баллонмен жасқап, кассадағы ақшаға қол салған. Бірақ сатушы әйелге күші жетпей, қаша жөнелген. Ұры алыстан келмепті. Осы жердің азаматы екен. Бұрын сотталған.

Әсем Әбдікәрімова, ПД жетекші маманы:

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер Кодексінің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.