Алматы облысында Ақсай шатқалы өртенді

Алматы облысында Ақсай шатқалы өртенді

Алматы облысында кешеден бері орман өртеніп жатыр. Алғаш болып өртті «Қазәуеорманқорғау» мекесінің мамандары байқаған.

Бұл аумақ Іле Алатауы ұлттық паркінің Қаскелең орманшылығына қарайды. Туристерге Ақсай шатқалы ретінде белгілі. Отты өшіру әзірге мүмкін болмай тұр. Бүгін су таситын тікұшақ қатты жел мен шаңды дауылдың кесірінен тауға бара алмады. Өрт техника жетпейтін тау-тасты жерде болғандықтан оны сөндіру қиынға соғып тұр. Қазір шығу себебі анықталып жатыр. Қала тұрғындары тауға шығып, от жаққан деген де болжам бар.

Бауыржан Төлепбергенов, «ҚазӘуеОрманҚорғау» РМКК бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда өрт сөндіруге жұмылдырылған күштер Қазавиаорманқорғау мекмесінен 10 адам, Іле Алатауы ұлттық паркінен 60 адам, Қарасай ауданы Алматы облсының ТЖ қызметкерлері 19 адам. Қазіргі таңда өрттің аумағы 1 гектарды құрайды.