Атырауда жарты айда ереже бұзған 1000-ға жуық шетелдік жүргізуші ұсталды

Атырауда 15 күн ішінде шетелдік көлік тізгіндеген 1000-ға жуық жүргізуші жол ережесін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіпке бағынбағандар жедел-профилактикалық іс-шара аясында анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері айыппұлдан жалтарып жүрген 77 шетелдік көліктің иесін тапты. Олардың 56-сы Ресейден, ал 19-ы Армениядан әкелінген. Қазір автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Басым көпшілігі жол ережелерін бұзу фактілері, бұл – қауіпсіздік белдігін тақпау, жылдамдықты асыру және жаяу жүргіншіге жол бермеу. Шетел автокөліктерінің ішінде 3 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылады.