Семейде ірі көлемде есірткі сатқан адам ұсталды

Семейде ірі көлемде есірткі сатқан азамат ұсталды. Қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2021» және «Рефлекс» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде күдіктіні қолға түсірді.

Тінту барысында оның гаражы мен автокөлігінен жалпы салмағы 15 келі 630 грамм кептірілген марихуана және гашиш" табылды. Күдікті қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.