Семейде зейнеткер пештің иісіне уланып көз жұмды 

Семейде зейнеткер мұржасы дұрыс тазаланбаған пештің иісіне уланып көз жұмды.

Мамандардың айтуынша, 74 жастағы зейнеткердің пешінен түтін түзу шықпағандықтан улы газ үйдің ішіне жайылған.

Тап осындай оқыс жағдай Алтай қаласында да тіркелді. Абырой болғанда, адамдар аман, тек 2 және 9 жастағы балалар ауруханаға жеткізілген.

Айта кету керек, бұл үйлердегі кемшіліктерге байланысты төтенше жағдай мамандары жаз айларында ескерту жасаған. Алайда қожайындары оны елемеген. Жылыту маусымы басталғалы  осындай оқиғадан 6 адам зардап шеккен. Оның бесеуі – бала. Құтқарушылар 100 мыңға жуық жер үйді аралап, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерімен таныстырған.

Сондай-ақ...