Алматыда лаңкестерге ілескен күдікті қолға түсті

Алматыда тағы бір қарулы топ қолға түсті. Оны Арман Жұмагелдиев басқарғаны мәлім болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл күдікті елге «Дикий Арман» лақап атымен танымал. Ішкі істер министрлігі күдіктілер полиция қызметкерлеріне қарсы күш көрсеткенін айтады. Оларды тұтқындау кезінде әртүрлі маркадағы қару тәркіленді. Арна тілшісі Бақыт Топтаева үйлестіру орталығынан тікелей эфирге шығып, мәселенің мән-жайын баяндады.

Бақыт Топтаева, тілші:

–10-нан аса көшеде Назарбаевтың у-шу болып, мен көшеге шығып жоғары жақты көрмекші болдым. Жолдың шетінде машиналар тоқтап, жоғары жақта көруге отырығызып алып кетті. Мені қару-жарақ магазиніне апарды. Ол жерге барсам, 120-дан астам адам қару-жарақ магазинін бұзуда. Жас балалардың барлығында мылтық. Олар балтамен сындырып жатынр. Каспий банкін ашып, екінші банкты талқандап жатқанда біз шығып, қашып үлгердік. Сол кезде тир болған, қала сыртына шығып жетіген жақта тирді лақтырып үлгердік. Сақалды 3 жігітті алғаш рет интернет желісі тиктокта көрдім. Істеген кінәмді мойындаймын. Қателігім осындай жағдайға әкелді.