Ақтөбеде әкімдік ғимараты босатылды

Ақтөбеде өткен түнде құқық қорғаушылар арнайы операция өткізіп, әкімдік ғимаратын босатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов мәлімдеді. Қазір әкімдік ғимаратында криминалист мамандар жұмыс істеп жатыр. Қару-жарақ пен өзге де жарылығыш заттардың бар-жоғын тексереді.

Бейбіт шеруді арандатқандар біраз бөлмені бүлдірген. Есік-терезені сындырып, жиһаз бен кеңсе заттарын қиратқан. Шеру өткен алаңда әскери техника тұр, маңай қоршауға алынды. Коммуналдық қызмет алаңды қоқыстан тазартып жатыр. Облыс комендантының мәліметінше, арнайы операция барысында қоғамдық  тәртіпті бұзған бірнеше адам  полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Тәртіп сақшылары арасында 7 адам жарақат алған.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?