Таразда 26 адам ұсталды

Таразда өткен түні жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 26 адам қолға түсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Оларға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды. Тексеру кезінде 12 қару тәркіленді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілерде автомат, Макар тапаншасы, тіпті граната да болған. Қазір аймақта қауіптіліктің қызыл деңгейі сақталып тұр. Блок бекеттерде көліктер жіті тексеріліп, бақылау жалғасып жатыр.