Ақтауда синтетикалық есірткіні жасырумен айналысқан жігіт ұсталды

Ақтауда синтетикалық есірткіні жасырумен айналысқан жігіт ұсталды

Ақтауда полицейлер «мефедрон» синтетикалық есірткі затын жасырушыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 21 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде одан көк түсті пакетке оралған 15 дана полиэтиленді түйіншікке салынған 10 грамм синтетикалық есірткі заты «мефедрон» тәркіленді. Сондай-ақ жігіттен оның есірткі заттарын жасырушы ретінде жұмыс істейтінін және телеграм-чатқа (интернет-дүкенге) қатысы бар екенін көрсететін ұялы телефон табылды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімі, яғни, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы, одан әрі өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жоғарыда көрсетілген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасының сұрақтары қарастырылуда.

Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.