Павлодарда жол апатынан жолаушы зардап шекті

Павлодарда жол апатынан жолаушы зардап шекті
Pavlodarnews.kz

Дәрігерлер ер адамды қарап шыққаннан кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарда Катаев көшесінде «Ланд Крузер» және «ВАЗ-21099» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 

Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21099» автокөлігінің жолаушысы дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.