Қызылордада ломбард тонаған күдіктілер ұсталды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда қаласындағы ең ірі ломбардты тонаған екі қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер құны 300 миллион теңге болатын зергерлік заттарды алып кеткен. Олар жасырған бағалы заттардың бір бөлігі құрылыс алаңынан табылды. Ұсталған 6 азамат уақытша қамау изоляторында отыр.

Самат Ысқақов, облыстық ПД криминалдық полиция бөлімінің басшысы:

– Күдікті тұлғалардан айғақ зат ретінде алтын бұйымдар, яғни 25 алтын сақина, 22 алтын алқа, 7 алтын білезік, 3 алтын сағат, бұдан бөлек ұрланған ноутбук бар.