Полиция танымал вайнер Ә.Саидбаевқа іздеу жариялады

Ол инвестициялық пирамида құру бойынша күдікке ілінгендердің қатарында бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады. «Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-тармағы 2-тармақшасында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Қырғызстан тумасы, 1986 жылы туған Саидбаев Әзімжан іздестіріліп жатыр», – деп жазды Әбдірахманов Telegram парақшасында. Оның айтуынша, күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартау шарасы таңдалған. Еске сала кеткен жөн, бұған дейін белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді.