Павлодарда құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды

Павлодарда құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды
Pavlodarnews.kz

Тереңдігі үш метрден асатын құдыққа құлап кеткен әйелді құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Хабарламада әйел 19 ақпан күні орталық өнеркәсіп аймағындағы жылу оқшаулағыш құдыққа құлағаны айтылған.

- Құдыққа құлаған 35 жастағы әйелді құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар қолдана отырып, шығарып алды. Әйел бірден дәрігерлердің  бақылауына берілді, - делінген баспасөз хабарламасында. 

Айта кетелік, әйелді құтқаруға 5 адам жұмылдырылған.