Жамбыл облысында тағы да бомба табылды

Жамбыл облысында тағы да әскери бомба табылды.

Авиациялық снаряд Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі ескі полигон аумағынан  шыққан. Бұл туралы жергілікті тұрғын полицияға хабар берген.  Оқиға орнына жеткен саперлер жіті зерттеп оның ОФАБ-100 жарықты-фугасты авиациялық бомба екенін анықтады. 

Қазір мамандар жарылғыш затты залалсыздандыру үшін Айша бибі ауылындағы оқу полигонына алып барды.