Алматыда ломбардтан ұялы телефон ұрлаған екі жігіт ұсталды

Алматыда ломбардтан ұялы телефон ұрлаған екі жігіт ұсталды
inform.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полицияға ломбард қызметкерлерінен бірнеше арыз түскен.

Іздестіру нәтижесінде 24 және 20 жастағы екі жігіт ұсталды. «Күдіктілер ломбардқа кіріп, сатылымда тұрған ұялы телефондарды тексеру үшін көрсетуін сылтауратып, қолына ұстай сала қашып кеткен. Кейбір жерлерде олардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталғандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың 5 дерегі дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша жүріп жатыр», – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев. Белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған. Ол түрмеден жақында босап шықты. Аталған азаматтардың әрекетінен зардап шеккендер мына телефон нөміріне хабарласуы керек: 8-707-882-03-98.