БҚО-да автокөлік жолдарын су шайып кетті

БҚО-да автокөлік жолдарын су шайып кетті

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек пен Бөкей Ордасы аудандарының аумағындағы автокөлік жолдарын су шайып кетті.

Облыстық маңызы бар "Чапаев-Жаңақала-Сайхын" автожолының кейбір бөліктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Күрт еріген қар суы жол құрылысы жүріп жатқан тұстағы айналма жолдарды да басқан. Салдарынан облыстың ең шалғай қос ауданмен қатынас қиындап қалды. Әсіресе Өнеге, Бисен және Нұрсай ауылының тұсында жағдай мәз емес. Ми батпақпен жүруге ауыр техниканың да шамасы келмей жатыр. 

Ернұр Өтегенов  облыстық ТЖД бастығы:

- Қазіргі таңда 109 елді мекен су басу қаупі бар деп есептелсе, соның 59-ында су тасу қаупі төмендетілді. 49-ында қазіргі  таңда  сақталып отыр. Және де біреуінде су тасқыны қаупі жойылып отыр. Егер күн қатты жылып, тез еріп, судың ағыны көбейсе сонда ғана кейбір елді мекендердің аула, қораларына немесе жол учаскелеріне қауіп төнуі мүмкін.