Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті

Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті
Экспресс К

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні сағат 07:45-те Мәшһүр Жүсіп ­– Торайғыров көшелерінің қиылысында Hyundai Accent автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2007 және 2017 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

– Олар реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өткен. Жол- көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді, – дейді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.