Алматыда  синтетикалық есірткі әзірленген цех анықталды

Күдікті ретінде 23 жастағы ер адам ұсталды. Медициналық білімі бар жігіт жеке тұрғын үйді былтыр жалға алғаны анықталды. Есірткі өндірумен айналысып, бірнеше келі еліткіш зат жасап шығарған. Цехтағы құрал-жабдықтар тәркіленіп алынды. Сұйық, кристалды және ұнтақ күйдегі есірткілер сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Шымкентте сым ұрлап, істі болды

Шымкент тұрғыны ғаламтор сымын ұрлап, істі болды. Данов және Іляев көшелерінің қиылысында ұзындығы 100 метрлік желіні қолды еткен ер адам бейнебақылау құралына түсіп қалған. Көп ұзамай мүлік иесінен полицияға жазбаша арыз түседі. Жедел іздестіру нәтижесінде жергілікті тұрғын қолға түсті. «Ұрлық» дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Атырауда қоғамдық көлікке жалған номер таққан адам ұсталды

Атырауда қоғамдық көлікке жалған номер тағып, жолаушы тасыған қала тұрғыны құрықталды. Полицейлер таңғы 8 шамасында Баймұханов көшесінде «Газель» маркалы шағын автобусты тоқтатқан. Құжаттарын қарау кезінде көліктің номері басқаша болып шыққан. 34 жастағы ер адамға заңның 590-бабымен хаттама толтырылып, дерек сотқа жолданды.

Шымкентте жолаушылар автобусы ереже бұзды

Шымкентте бағдаршамның қызыл түсіне өткен автобус жүргізушісі жауапқа тартылды. Қоғамдық көліктің жол ережесін бұзған сәті артында келе жатқан патрульдің машинаның бейнежазу құралына жазылып алынған. Тәртіпті елемеген ер адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақтауда бойжеткен жүк көлігінің астына түсе жаздады

13-шағын ауданда жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан қызды «Газель» жүргізушісі кеш байқаған. Абырой болғанда, рульді күрт оңға бұрып үлг3рді. Осы уақытта жолда тұрған жеңіл көліктің алдынан кесіп өтеді. Тәртіп бұзушыны полиция ізін суытпай тауып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.