Қызылордада мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлағандар ұсталды

Қызылордада мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлағандар ұсталды
time.kz

Қызылорда қаласында мешітке ұры түсті.

Түн жамыла 2 адамның садақа жәшіктерін ашуға тырысқаны бейнебақылау құралына түсіп қалған. Күдіктілердің арам ойы жүзеге аспады. Қашып үлгермей, полицейлердің қолына түсті. Енді олар заң алдында жауап береді. Жалпы, жыл басынан бері көшедегі камералардың көмегімен 23 қылмыс ашылған.