Петропавлда кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған бес адам сотталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 5 адамға үкім шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға былтыр маусым айының он бірі күні, яғни шаһар шетіндегі демалыс орындарының бірінде болған. Қылмыскердің үшеуінің ішімдік ішкендігі анықталды. 17-мен 21 жас аралығындағы жігіттер өз кінәләрін мойындамады. Олар «зорлау» және «жаныстық зорлық-зомбылық» баптары бойынша жауапқа тартылды. Ал сот жәбірленушінің талап-арызын қанағаттандырды. Ол моральдік зиян келтіргені үшін 10 миллион теңге көлемінде ақша өндіріп алатын болды.

Сергей Викторенко, облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы:

- Ашот Мартиашвили мен Максим Исаков 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік колониясында өтесін. Ал Руслан Рассохин, Данил Селезнев және Вячаслав Байдуков 16 жылға сотталсын. Соңғы үшеуі ең жоғары қауіпсіздік мекемесіне қамалсын.