Түркістан облысында заңсыз қару ұстағандар анықталды

Тәртіп сақшылары тұрғындардан 17 қару тәркілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 2 шолақ мылтық, 2 травматикалық және 13 тегіс ұңғылы қару, сонымен қатар 30 оқ-дәрі мен 2 снаряд табылыпты. Аталған деректерге қатысты азаматтарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кетейік, іс-шара барысында Түркістан облысының тәртіп сақшылары 2 мыңнан астам қару иесін тексеріп, 119 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.