Қапшағайда заңсыз ауланған 200 келі балық тәркіленді

Қапшағай қаласының полицейлері су қоймасы маңынан заңсыз балық аулаған браконьерлерді қолға түсірді. Олардың көлігінен 200 келіге жуық балық тәркіленген. Қазір оларға қатысты ҚК 335-бабы бойынша іс қозғалды.

ШҚО: есірткі заттарын сатқан күдікті ұсталды 

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан ірі көлемде есірткі заттары тәркіленді. Полицейлер тиым салынған заттарды сатушыны жымысқы әрекетін жүзеге асырып жүрген кезінде қолға түсірген. Көкнәрдің не бары 11 граммын 60 мың теңгеге сатқан одан тағы 2 пакет марихуана табылған. Олардың жалпы көлемі бір келіден асып жығылады. Енді күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты

Қарағанды облысында қоғамдық көліктің бірі волга автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан жеңіл көлік едәуір бүлінген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, себебі қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған көрінеді. Жол ережесін елемеген кім екені әзірге белгісіз.

 Атырау облысында жол апатынан жеті адам зардап шекті

Ал Атырау облысында Toyota Camry  автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып, полиция көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан 7 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр.