Қызылорда облысында сейфтен төрт миллион теңге ұрлағандар ұсталды

Қызылорда облысында сейфтен төрт миллион теңге ұрлағандар ұсталды
inform.kz

Облыстағы ЖШС ғимаратындағы сейфті бұзып, 4 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған үш күдікті тұтқындалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыздың 17-нен 18-не қараған түні белгісіз біреу Арал ауданы Сексеуіл кентінде орналасқан ЖШС ғимаратының есігін сындырып кіріп, ішінде тұрған темір сейфті бұзып, үш милион жеті жүз мың теңге ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде, ізін суытпай үш күдікті азамат, яғни 22-23 жастағы қала тұрғындары анықталып, ұсталды. Күдіктілер АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты зат ретінде ұрланған ақша алынды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі, яғни ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.