Орал тұрғыны полицейге пара бермек болған

Орал тұрғыны полицейге пара бермек болған
Қазақпарат

Полиция қызметкеріне пара бермек болған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Д.Қонаев шағынауданында болды. Жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторына әкімшілік хаттама толтырмау үшін 10 мың теңге көлемінде пара ұсынған. Инспектор парадан бас тартқан және оның жасаған ескертуіне құлақ аспағаннан кейін жүргізушіге қатысты әкімшілік іс жүргізуден басқа ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне пара беру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. БҚО полиция департаменті лауазымды қызметкерге пара беру қылмыстық іс-әрекет екендігін еске салады.