Қарағандыда аттракциондарды тексеру басталды

Бұған бүгін парктегі қолайсыз жағдай түрткі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 бүлдіршін мінген аттракциондардың бірі жоғары көтеріліп, тоқтап қалған. Балалар өздігінен түсе алмағандықтан, парк қызметкерлерінің көмегін күткен. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында арнайы тексеру комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Мамандар қатты жел тұрғанда мұндай экстремальді әткеншекке отыруға болмайтынын ескертеді.