Алматы облысында лай көшкіні жүрді

Алматы облысында лай көшкіні жүрді

Алматы облысының Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, 5 жасар қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

30-дан аса құтқарушы сол маңда тұратын жеткіншекті іздестіруге кіріскен. Нөсер жауын салдарынан тау жотасынан сырғып түскен топырақ бірнеше үйді зақымдап Қонаев көшесін жауып қалды. Қазір оқиға орнында жергілікті билік өкілдері ТЖД  қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.