Өзін Антикор қызметкері деп таныстырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты

Өзін Антикор қызметкері деп таныстырған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты
Вести.ру

Желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео таратылуда.

Айта кетейік, Нұрбол Кәрімов ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды.Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.

Осындай фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда көрсетілген нөмірлер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуды сұраймыз: 1424, +7 702 320 7020